О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 541
- Қабылданған күні
- 13.05.2004
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 AI19750_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000541_
- ЭКБ идентификаторы
- 19750
- Редакция идентификаторы
- AI19750_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:07
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар желiсiн ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2 2) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген әкiмшi бойынша:
002 "Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту" деген бағдарламада:
005 "Iшкi көздер есебiнен жобаны iске асыру" деген кiшi бағдарламада:
"Астана - Қостанай - Челябi - автожолын қайта жаңарту" деген жолдағы "6652045" деген сандар "6428660" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы - Өскемен автожолдарын қайта жаңарту 166000" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Рудный қаласының Батыс айналымы автожолын қайта жаңарту 223385";
3 3) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 123-қосымшада :
6-тармақтың кестесiнде:
реттік нөмiрi 3-жолдың 5-бағанының 1-тармағында:
"360,34", "6554710" деген сандар тиiсiнше "367,24", "6331325" деген сандармен ауыстырылсын;
"Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан шекарасы 9,24 км 466000 мың теңге сомасына (Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетiнiң 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 263-ПИР бұйрығы)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Рудный қаласының Батыс айналма жолы - 6,9 км 223 385 мың теңге сомасына";
7-тармақта "360,34" деген сандар "367,24" деген сандармен ауыстырылсын.