Құжат мәтініне өту

Об определении приоритетных направлений расходов бюджета города

Қаулы · № 355 · қабылданған 13.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197523/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении приоритетных направлений расходов бюджета города Қолданыста Қаулы ·№ 355 ·13.05.2024
13.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении приоритетных направлений расходов бюджета города

Қолданыста Қаулы ·№ 355 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении приоритетных направлений расходов бюджета города
Атауы (қаз.)
Қалалық бюджет шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
355
Қабылданған күні
13.05.2024
Көрсетілген редакция
13.05.2024 I197523_1.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24IA00355A
ЭКБ идентификаторы
197523
Редакция идентификаторы
I197523_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:34

0 Қалалық бюджет шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережелерінің 213-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қалалық бюджет шығыстарының басым бағыттары айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Талдықорған қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «____»___________
№____ қаулысына қосымша
Қалалық бюджет шығыстарының басым бағыттары

1 1. Еңбекақы төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

2 2. Ақшалай өтемақылар (мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді сауықтыруға арналған жәрдемақы, бюджет қаражатын үнемдеу есебінен мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша төленетін материалдық көмек).

3

3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, жәрдемақылар және халыққа арналған әлеуметтік бағдарламалар (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарын қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау).

4 4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

5 5. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

Қолданыстағы