Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Жария сервитутты белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 30.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 197535_704129.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24BH00006B
- ЭКБ идентификаторы
- 197535
- Редакция идентификаторы
- 197535_704129
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:18
0 Жария сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы өкілінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі өтінішінің негізінде:
1
1. Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының Мир көшесі аумағында орналасқан талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына 10 жыл мерзімге жалпы ауданы 0,059 гектар жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1
1) Oсы шешімнің көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;