Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Заң · № 91-VIII · қабылданған 10.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197536/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях Қолданыста Заң ·№ 91-VIII ·10.06.2024
10.06.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Қолданыста Заң ·№ 91-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
91-VIII
Қабылданған күні
10.06.2024
Көрсетілген редакция
10.06.2024 197536_706671.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000091
ЭКБ идентификаторы
197536
Редакция идентификаторы
197536_706671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:10

0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 211-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы:

«уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«нормативтік» деген сөздің алдынан «бірлескен» деген сөзбен толықтырылсын;

2 2) 213-баптың он екінші бөлігінің бірінші абзацында:

«қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін» деген сөздер «бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шекті мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 22-тараудың тақырыбындағы «органикалық өнім өндіру,» деген сөздер алып тасталсын;

4 4) 408-1-бап алып тасталсын;

5 5) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «408-1,» деген цифрлар алып тасталсын.

2 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы