О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам производства и оборота органической продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам производства и оборота органической продукции
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90-VIII
- Қабылданған күні
- 10.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2024 197538_704442.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2400000090
- ЭКБ идентификаторы
- 197538
- Редакция идентификаторы
- 197538_704442
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:10
0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
138-баптың 111) тармақшасындағы «өндіру» деген сөз «өндірісі және айналымы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
47-бапта:
2-тармақтағы «Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экологиялық» деген сөздер «Экологиялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын.
3 3. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1 1) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «өндіруді» деген сөз «өндірісін және айналымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) 5-баптың 2-1) тармақшасындағы «өндіру» деген сөз «өндірісі және айналымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) 6-баптың 1-тармағында:
2-1) тармақшадағы «өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру» деген сөздер «өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) тармақшада:
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
он екінші абзацтағы «құнын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту» деген сөздер «құнын» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
4 4) 7-баптың 2-тармағында:
12-9) тармақшадағы «(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-16) тармақшамен толықтырылсын:
«17-16) органикалық өнім өндіру сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;»;
5 5) 11-баптың 2-тармағында:
5-1) тармақшадағы «(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
6 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;».
2 2-бап. Осы Заң:
1 1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының үшінші – алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
2 2) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын және 5) тармақшасының екінші
абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.