Құжат мәтініне өту

Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в весенние периоды

Бұйрық · № 165-I · қабылданған 18.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19762/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в весенние периоды Күшін жойған Бұйрық ·№ 165-I ·18.04.2004
27.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в весенние периоды

Күшін жойған Бұйрық ·№ 165-I · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан в весенние периоды
Атауы (қаз.)
Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165-I
Қабылданған күні
18.04.2004
Көрсетілген редакция
27.04.2012 AI19762_8.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002857_
ЭКБ идентификаторы
19762
Редакция идентификаторы
AI19762_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:12

0 Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінің 16-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының алып жүру қабілетін жоғалтуына байланысты бұйырамын:

1

1. Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тікелей тартылған көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында білікке түсетін жүктемесі 8 тоннаға дейінгі автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеулер енгізілсін

2 2. Қозғалысты уақытша шектеулердің қолданылу мерзімі жыл сайын IV жол-климаттық аймаққа - 23 наурыздан бастап 15 мамырды қоса алғандағы тиісті жылға, V жол-климаттық аймаққа - 1 наурыздан бастап 20 сәуірді қоса алғандағы тиісті жылға белгіленсін (1-қосымша).

3 3. Қоса беріліп отырған қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүрген кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдары ось салмағының ең жоғарғы жиынтығы (2-қосымша) бекітілсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тиісті жылдың көктемгі кезеңінде автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдаланушылардың назарына, соның ішінде ақпарат құралдары арқылы жеткізуді;

2 2) жолдардағы енгізілетін шектеулерге сәйкес уақытша жол белгілерін орнатуды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті оське жүктемесі осы бұйрықтың 1-тармағында белгіленген параметрлерден асатын Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен бөлінбейтін жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуіне заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаттар беруді қамтамасыз етсін.

6 6. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Д.Қ.Көтербековке жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2004 жылғы 17 сәуір
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
төтенше жағдайлар
жөніндегіагенттігінің төрағасы
2004 жылғы 15 сәуір

1 ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

"Көктемгі кезеңде Қазақстан
Республикасының республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
N 165-І бұйрығына
1-қосымша
ІV жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

1 1. Ақмола облысы

2 2. Ақтөбе облысы

3 3. Шығыс Қазақстан облысы

4 4. Батыс Қазақстан облысы

5 5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)

6 6. Қостанай облысы

7 7. Павлодар облысы

8 V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

8. Солтүстік Қазақстан облысы
V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі

1 1. Алматы облысы

2 2. Атырау облысы

3 3. Жамбыл облысы

4 4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)

5 5. Қызылорда облысы

6 6. Маңғыстау облысы

7 7. Оңтүстік Қазақстан облысы

2 Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткен кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік салмағының ең жоғары жиынтығы

Көктемгі кезеңде Қазақстан
Республикасының республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдары бойынша
автокөлік құралдарының қозғалысын
ұйымдастыру туралы"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 сәуірдегі
N 165-І бұйрығына 2-қосымша
Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткен кезде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік салмағының ең жоғары жиынтығы
Же­ке
осьтің
жүкте­месі,
тон­на
Ось­тер
ара­сында­ғы
қа­шықтық, м
Тір­ке­ме­лер мен жар­ты­лай тір­ке­ме­лер­дің
ось­тік сал­ма­ғы­ның ең үл­кен жиын­тығы,
тон­на
Жүк
ав­то­мо­бильде­рі­нің
ось­тік
сал­ма­ғы­ның
ең үл­кен
жиын­тығы,
тон­на
Екі қо­сар­лан­ған
ось­тің
Үш қо­сар­лан­ған
ось­тің
Екі қо­сарлан­ған
ось­тің
Екі
қа­тар­лы
доң­ға­лақтар
Бір қа­тары
доң­ға­лақтар
Екі қатар­лы
доң­ғалақтар
Бір қа­тар­лы
доң­ға­лақтар
Екі
қатарлы
доңғалақтар
Бір
қатарлы
доңғалақтар
10
До 1,0
12,5
12,0
17,5
16,5
12,0
11,0
1,0-1,3
15,0
14,0
21,0
19,5
14,0
13,0
1,3-1,8
16,5
16,0
24,0
22,5
16,0
15,0
1,8-2,5
18,0
17,5
26,5
24,5
18,0
17,0
8
До 1,0
10
9,0
14,0
13,2
9,6
8,8
1,0-1,3
12,0
11,2
16,8
15,6
11,2
10,4
1,3-1,8
13,2
12,8
19,2
18,0
12,8
12,0
1,8-2,5
14,4
14,0
21,2
19,6
14,4
13,6

Қолданыстағы