Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы

Қаулы · № 2/279 · қабылданған 26.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-197785/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 2/279 ·26.04.2024
11.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 2/279 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления акимата города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/279
Қабылданған күні
26.04.2024
Көрсетілген редакция
11.09.2025 197785_777085.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24R0002279
ЭКБ идентификаторы
197785
Редакция идентификаторы
197785_777085
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:47

0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/76 қаулыға келесі толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
17 тармақ келесі мазмұндағы 30-1), 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
30-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
30-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.»;

2 2) «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/78 қаулыға келесі өзгеріс пен толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
23) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.»;
24) Алматы қаласы дизайн-кодының талаптарын сақтауға маңдайшалардың, ғимараттар қасбеттерінің, қалалық ортаны жарықтандырудың, навигация жүйелерінің, көше жиһаздарының, қоршаулардың мониторингін жүзеге асыру.»;
17 тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгінуге;»;

3 3) «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы №1/79 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.»;

4 4) күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.09.2025 № 3/632 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

5 5) «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/88 қаулыға келесі толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 27-1), 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау;
27-2) өтініштерді талдау және өтініш беруші көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
27-3) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.»;

6 6) «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 3/548 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
16 тармақ келесі мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау.»;

7 7) «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/238 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
15 тармақ келесі мазмұндағы 66) тармақшамен толықтырылсын:
«66) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу.»;

8 8) «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/240 қаулыға келесі толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақ келесі мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
12-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;

9 9) «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/241 қаулыға келесі толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
13 тармақ келесі мазмұндағы 18-1), 18-2) және 18-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
18-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;
18-3) Алматы қаласы әкімдігінің салалық бөлімшелерінің әлеуметтік объектілерді реконструкциялау, салу және сейсмикалық күшейту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету;»;

10 10) «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;

11 11) күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 11.09.2025 № 3/627 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

12 12) «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/244 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
«63-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;

13 13) күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 11.09.2025 № 3/626 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

14 14) күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 04.09.2025 № 3/611 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

15 15) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/247 қаулыға келесі өзгерістер мен толықтырулар:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
12 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) кәсіпкерлік инфрақұрылымын (Индустриялық аймақты, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі – «ИТП» АЭА) дамыту);»;
12 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
5) экономика салаларын әртараптандыру және нарық сыйымдылығын, оның ішінде креативті индустрияларды дамыту есебінен арттыру;»;
12 тармақтың 8) және 9) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«8) арт-орталықтар, концерттік алаңдар және көп бейінді мәдени орталықтар форматында шығармашылық кеңістіктер құру;
9) «инвент-брендтерді», креативті индустриялар өнімдері мен іс-шараларды өткізу және ілгерілету арқылы қаланың тартымдылығын арттыру, әлемдік кеңістікке интеграциялау;»;
14 тармақтың 6) және 7) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«6) Алматы қаласының аумағында инвестициялық жобалардың уақтылы іске қосылуын бақылауды жүзеге асыру;
7) уәкілетті органның Индустрияландырудың бірыңғай картасына одан әрі қосу үшін кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;»;
14 тармақ келесі мазмұндағы 56-1) және 56-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«56-1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
56-2) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;
18 тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;

16 16) «Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/249 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«41-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;»;

17 17) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 24 тамыздағы №3/414 қаулыға келесі толықтыру:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;».

2 2. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.09.2025 № 3/628 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы