Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 20.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2024 197930_731772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SF777015
- ЭКБ идентификаторы
- 197930
- Редакция идентификаторы
- 197930_731772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:57
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында
стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі» ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 182 қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
аумағында стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасу жері
Алатын алаңы (шаршы метр)
Жақын орналасқан инфрақұрылым
(ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет
саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
1.
Бесқұдық
ауылдық округі,
Бесқұдық ауылы, Центральный көшесі,
«Простор» дүкеніне қарама-қарсы
10
Жоқ
Азық-түлік емес
5
2.
Волошинка
ауылдық округі,
Волошинка ауылы, Достық көшесі, жергілікті су көзінің қарама-қарсы
200
Жоқ
Азық-түлік емес
5
3.
Корнеевка
ауылдық округі, Корнеевка ауылы, Есім Шайкин атындағы көше, «Жакупова»
жеке кәсіпкердің «Корн» ағаш
өңдеу цехына қарама-қарсы
126
«Райгүл»
азық-түлік дүкені
Азық-түлік/ азық-түлік емес
5
4.
Николаевка ауылдық округі, Николаевка ауылы, Школьная көшесі, «Вильданова В.Г.» жеке кәсіпкердің дүкеніне
қарама-қарсы
15
«Вильданова В.Г.» ЖК азық - түлік дүкені
Азық-түлік/ азық-түлік емес
5
5.
Явленка
ауылдық округі,
Явленка ауылы,
Ершов көшесі,
«Мега-Планета» дүкенінің
сол жағында
900
«Беллиссимо» дәмханасы
Азық-түлік/ азық-түлік емес
5