О комиссии при акимате Акмолинской области по выдаче разрешений па привлечение иностранной рабочей силы Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын орындау шаралары туралы» қаулысына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихат сессиясына бекітуге жіберілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ететін жұмыс органы болып Ақмола облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
КЕЛДЛЛДІ
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі
Б.Ашитов
«23» сәуір 2004 жыл
Басқа 6
1 қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің 2004ж. 22.04. №а-4/102
«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы» қаулысына
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның құрамы
Наймушина Ольга Вадимовна
облыс әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы
Мадияров Әбділрахман Советұлы
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Санатова Майра Тақауқызы
облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және лицензиялау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Ермаков Виктор Николаевич
облыстық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Касенов Тасболат Шаланұлы
облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Исламова Сәуле Темірханқызы
облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқарамасы бастығының орынбасары
Тілеубердин Әлібек Қазбекұлы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 7
2 қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің 2004ж. 22.04. №а-4/102
«Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия туралы» қаулысына
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмыс органы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бақармасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығын, «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымындағы №836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
жұмыс берушілердің облысқа шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан былай - рұқсат) алуға және рұқсаттың мерзімін ұзартуға ұсынған құжаттарын, барлық заңды және жеке тұлғалар үшін бірдей негіздер мен шарт бойынша қарау және шетелдік жұмыс күшін тартудың қажеттігі, тапсырылған құжаттардың ішкі еңбек нарығын қорғау таптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдау; жұмыс берушілердің облысқа шетелдік жұмыс күшін әкелу қызметімен айналысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестіктері туралы шешім қабылдау;
біліктілігі төмен шетелдік жұмыс күшінің әкелінуіне жол бермес үшін және ішкі енбек нарығында тиісті ұсыныстар болған кезде шеттен жұмыс күшін әкелуді болдырмау үшін еңбек нарығының жағдайын алдын-ала зерттеу;
алдағы жылға арналған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуының негіздемесін қарау;
жұмыс органының ұсынысы бойынша рұқсатты тоқтата түру және қайтарып алу туралы ұсыныстарын және Ақмола облысы бойынша квотаның жобасын қарау.
Тарау 3. 3. Комиссияның құқығы
3. Комиссияның құқығы
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілерден түскен өтініштер бойынша рұқсат беру немесе рұқсаттың мерзімін ұзарту мақсатқа сәйкестігі туралы объективті шешім қабылдау үшін, Комиссия құқықты:
Жұмыс берушіден мәселені объективті шешу үшін керекті ақпарат, құжаттарды сұратып алуға;
шетелдік жұмыс күшін тартуға қосымша негіздемелер қажет болса Комиссияның отырысына жұмыс берушінің басшылары мен өкілдерін және сарапшылар (келісім бойынша) шақыруына;
Тармақ 6
6. Комиссия төмендегідей ұсыныс беруге құқықты:
жұмыс берушілерге ішкі еңбек нарығында, оның ішінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің web. сайты арқылы еңбек нарығының республикалық дерекқорында қызметкерлер іздестіруді ұлғайту туралы;
ішкі енбек нарығында тиісті ұсыныстар болған кезде тартылатын шетел жұмыскерлерінің санын жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша шектеу;
рұқсаттың қолданылуын 3 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру немесе міндетті түрде себебін көрсете отырып қайтару;
анықталған заң бұзушылық жойылғаннан кейін тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуын кайта жаңарту;
рұқсаттың қолданылуын тоқтатқан себептері жойылмаған жағдайда рұқсатты қайтарып алу туралы.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмыс органының кызметі
4. Комиссияның жұмыс органының кызметі
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органы төмендегідей қызметтер атқарады:
алдағы жылға арналған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуының ұсыныс-негіздемесін қарайды;
Ақмола облысы бойынша алдағы жылғы квота жобасына ұсыныс-негіздеме ұсынады;
жұмыс берушілерден рұқсат алуға, рұқсаттың мерзімін ұзартуға ұсынған өтініштерін қабылдап Комиссияның қарауына ұсынады;
қажет болған уақытта, еңбек ету жағдайын, жаңа жұмыс орындарын ашу және қазақстандық азаматтарды оқыту мүмкіндіктерін зерттеу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға құжаттар тапсырған жұмыс берушіге бара алады;
жұмыс берушінің ішкі енбек нарығында қызметкерлер іздестіру жөнінде жүргізген жұмысы мен өтініш берген қазақстандық азаматтардың арасында талап етілетін мамандардың болмауының дәлелін қарайды;
Комиссия мәжілісінің хаттамасы бойынша уәкілетті органға рұқсат беруге іс-қағаздарын дайындайды;
жұмыс берушілерден берілген рұқсат бойынша тізімдерді растауға немесе қайтара растауға қажет құжаттарын қабылдайды;
рұқсат беруден немесе тізім куәландырудан бас тартқан жағдайда жұмыс берушіге жазбаша түрде дәлелді хат дайындайды;
жұмыс беруші өкілдеріне рұқсат және тартылған шетелдік жұмыс күшін тізімдерін заңнама белгілеген нысанда дайындалған сенімхат бойынша береді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне Комиссия қабылдаған шешім туралы хабарлайды;
жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту, рұқсат беру шарттарын орындау бойынша есептерін жинайды;
рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға немесе қайтаруға арналған материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады;
шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша жұмыс берушілерге әдістемелік көмек көрсетеді;
уәкілеттік органның шешімдері негізінде «Лицензиялау және шетелдік жұмыс күшінің мониторингі» базасын қалыптастырады және оның деректемелерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ақпараттық-анализ орталығына жібереді;
Қазақстан Республикасының қолданылудағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да функциялары.
Тарау 5. 5. Комиссияны қалыптастыру мен мәжілісін өткізу тәртібі
5. Комиссияны қалыптастыру мен мәжілісін өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссияның құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Департаментінің, Ішкі істер Министрлігі көші-қон полициясы басқармасының, Көші-қон және демография басқармасының, Экономика және шағын бизнес дамыту басқармасының өкілдері кіреді.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарын Комиссияның төрағасы, ал ол болмаған уақытта Комиссия төрағасының орынбасары өткізеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның отырыстары рұқсат беруге өтініштердің жиналуына қарай өткізіліп тұрады. Комиссия хатшысы төрағамен (төрағаның орынбасарымен) келісе отырып Комиссия мүшелерін Комиссияның отырысының өткізілетін күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушінің рұқсат алу құжаттары мен өтініші Комиссия мүшелеріне келісуге жіберіледі. Келісу парағына қол қою мерзімі - 5 күн.
Тармақ 12
12. Комиссия хатшысы өтініш берушілердің іс құжаттарымен қоса келісу парағын шешім қабылдау үшін Комиссияның кезекті отырысына жібереді.
Тармақ 13
13. Комиссия кұрамындағы мүшелердің 2/3 қатысуымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды. Қатысып отырған Комиссия мүшелерінің 50% артығы ұсыныс үшін дауыс берген уақытта шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тепе-тең болған Жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі белгіленген тәртіпте хаттама түрінде ресімделеді. Хаттаманы Комиссияның хатшысы жүргізеді. Комиссия отырысы өткеннен кейінгі 3 күн ішінде хаттамаға Комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірлері (бар болған жағдайда) жазбаша түрде Хаттамаға қосылады
Тармақ 16
16. Қажет болғанда Комиссия мәжілісіне өтініш берушінің басшылары мен өкілдері шақырылады;
Тармақ 17
17. Отырыстардың хаттамалары үш жылдан кем емес уақыт сақталады;
Тармақ 18
18. Комиссияның шешімі ұсыныс ретінде беріледі.