Об утверждении правил отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения
- Атауы (қаз.)
- Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357/НҚ
- Қабылданған күні
- 21.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2024 197949_707288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034545
- ЭКБ идентификаторы
- 197949
- Редакция идентификаторы
- 197949_707288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:55
0 Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 364-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 357/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін
іріктеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 364-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу тәртібі
2 2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді (бұдан әрі – іріктеу) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
3
3. Іріктеуге «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-2-бабының талаптарына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34250 болып тіркелген) бекітілген әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері жіберіледі.
4 4. Әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) интернет-ресурсына «Мемлекеттік корпорациямен әріптестік» бөлімінде еркін нысанда өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Өтініште әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 219/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34248 болып тіркелген) бекітілген үлгілік әріптестік келісімге сәйкес айқындалған Мемлекеттік корпорациямен ынтымақтастық түрін, онымен серіктестік келісім жасасу қажеттілігінің себептерін, мақсаттары мен негіздемесін, сондай-ақ қызмет көрсету сапасының төмендеуіне жол бермеу жөнінде міндеттеме көрсетеді.
5
5. Мемлекеттік корпорация орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шарттар мен Талаптарға сәйкестігі тұрғысынан орналастырылған өтінімді қажет болған жағдайда сол жерге бара отырып зерделейді және өтінімді зерделеу қорытындысы бойынша анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) қалыптастырады.