Об утверждении Правил выплаты доплаты некоторым работникам казенных предприятий культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты доплаты некоторым работникам казенных предприятий культуры
- Атауы (қаз.)
- Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 19.04.2004
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2008 AI19799_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002838_
- ЭКБ идентификаторы
- 19799
- Редакция идентификаторы
- AI19799_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:11
0 Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1 1. Қоса беріліп отырған мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақыны төлеудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
3 Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің қағидалары
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2004 жылғы 20 сәуірдегі N 117
"Мәдениет қазыналық
кәсіпорындарының кейбір
қызметкерлеріне қосымша
ақы төлеудің қағидаларын
бекіту туралы"
бұйрығымен бекітілген
Мәдениет қазыналық кәсіпорындарының кейбір қызметкерлеріне қосымша ақы төлеудің қағидалары
1 1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес әзірленген.
2 2. Театр әртістері, кино актерлері, опера және балет театры, концерттік ұйымдар әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық жалақының 50%-на дейін қосымша ақы тағайындалады.
3
3. Аталмыш әртістердің кәсіби шеберлігі деңгейін анықтау бас режиссерлерге, дирижерлерге, балетмейстерлерге, хормейстерлерге және көркемдік жетекшілерге жүктеледі. Олар әртістердің басты (бірінші) рольдерді (партияларды) орындауына, ағымдағы репертуарда қамтылуына және жоғары кәсіби біліктіліктің басқа да көрсеткіштеріне қарап, әрбір жағдайда жазбаша түрде дербес ұсыныс дайындайды.