Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Положении об использовании средств областного бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства

Ереже · № 339 · қабылданған 12.11.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1980/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О Положении об использовании средств областного бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства Күшін жойған 12.11.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Положении об использовании средств областного бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства

Күшін жойған Ереже № 339 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Положении об использовании средств областного бюджета на поддержку и развитие малого предпринимательства
Атауы (қаз.)
Облыс бюджеттің қаражатын шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға пайдалану жөніндегі Ереже туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
339
Қабылданған күні
12.11.1998
Көрсетілген редакция
12.11.1998 1980_251615.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98P000088_
ЭКБ идентификаторы
1980
Редакция идентификаторы
1980_251615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:28
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс бюджеттің қаражатын шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға пайдалану жөніндегі Ереже туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2001 жылғы 16 сәуірдегі № 83 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мелекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңның негізгі жағдайларын және 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Бюджеттік жүйе тарулы» № 52-1 Заңының 12-бабын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Облыстық бюджет қаражатын шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға пайдалану туралы Ереже бекітілсін (тіркеліп отыр).

2. Облыс экономика департаменті облыс бюджеттің қаражатын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға пайдалану туралы Ережені іске асыру жөніндегі өкілетті орган болып белгіленсін.

3.Осы өкімінің орындаулын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Оспановқа жүктелсін.

3 Облыс бюджеттің қаражатын шағын кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға пайдалану туралы ЕРЕЖЕ

Облыс әкімінің 1998 жылғы
«12» қарашадағы № 339
шешімімен БЕКІТІЛДІ
Облыс бюджеттің қаражатын шағын кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға пайдалану туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы облыс бюджеттің қаражатын шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға пайдалану туралы Ереже Қазақстан Республикалық Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікті мелекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына, сондай-ақ облыс әкімінің 1998 жылғы 17 қыркүйектегі № 288 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық тұрақтылықты күшейті жөніндегі Меморандумның жағдайларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» шешіміне сәйкес дайындалды.

1.2. Бұл Ереже:

облыс бюджеті қаражатының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру (бұдан былай - Несиеалушылар) тәртібін, шарттарын, мерзіміне және механизмін;
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламатары бойынша болашағы мол жобаларлды айқындайды.

1.3. Осы мақсатты іске асыру үшін облыстық қаржы басқармасы, облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Қоры және өкілетті банк арасында тиісті келісімге (әрі қарай-Несиелік келісім) қол қойылады, ол:

облыс бюджетінің қаражатын есепке алу, қайтару тәртібін;
банктердің Несие алушыларға облыс бюджетінің қаражатынан несие беру тәртібін;

1.4. Қарауға ұсынылған жобаларға кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды және перспективалық бағыттарында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асырып жүрген немесе ниеті бар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар қатысушы бола алады.

2. Тапсырыстарды қабылдау және қарау тәртібі

2.1. Қордың байқаушы кеңесі несиелік қаржы алуға түскен тапсырыстарды іріктейді және бизнес-жобаларды салалық департаменттер мен өкілетті банкіге сарапатау жүргізу үшін жібереді.

2.2. Салалық департаменттер мен банк бес күн мерзім ішінде тапсырылған жобаларға экономикалық және заңдылық тұрғыдан сраптама өткізеді.

2.3. Несие алушылар Банкіге тапсыратын құжаттарға қойылатын талаптарды Банк өзі қабылдаған несие саясатына сәйкес белгілейді.

2.4. Несие алушылар қарыз алу үшін кепілге беретін мүлкі барын, сондай-ақ бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар және басқа несие берушілер алдында қарызы жоқтығын ресми түрде растайды.

2.5. Бизнес-жобаларды қаржыландаруға алу туралы Қор Кеңесінің шешімі заңды және тұлғалардың, жоба авторының есебіне қаражат бөлу туралы несиелік шарт жасау үшін сенім көрсетілген банкке беріледі.

2.6. Қаржыландыруға алынбаған жобалар оларды тапсырған заңды немесе жеке тұлғаларға қаржыландыруға алынбау себебі туралы жазбаша хабарландырумен бірге қайтарылады.

3. Қаржыландыруды ұйымдастыру және несие беру тәртібі

3.1. Мақсатты қаржыны облыс әкімінің шешімі негізінде (қайтарымды негізде) облыс қаржы басқармасы конкурстық негізінде белгіленген екінші деңгейдегі банкінің шотына аударады.

3.2. Облыс бюджетінен аударылған қаржы Қор Кеңесінің шешімі негізінде пайдаланылады.

3.3. Сенім көрсетілген банк Қор Кеңесінің шешімімен конкурстық негізіндк анықталады.

3.4. Алынған қаражатты еңбекақы, бюджетке төленетін салық және басқа да міндеттемелер бойынша қарызды төлеуге жұмсауға болмайды.

3.5. Берілетін несие сомасынан бір жарым есе кем бағаланбайтын, бірақ берілетін несие сомасынан екі еседен артық болмайтын кепілдік несие берудің қажетті шарты болып табылады.

3.6. Шағын кәсіпкерлек субъектілеріне несие беру қайтарымды негізде екі жылдан көп емес мерзімге беріледі.

3.7. Шағын кәсіпкерліктің субъектісіне берілетін несиенің мөлшері 5 миллион теңгеден аспайды.

4. Облыс бюджетінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бөлінетін қаражатты жұмсау құқығына конкурс өткізу шарттары

4.1. Конкурсқа кемінде екі банк қатысса, оның қорытындылары дұрыс болып саналады.

4.2. Несие алушы үшін несиенің ең жоғарғы жылдық процент мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерінің 50 процентінен аспауы қажет.

4.3. Шағын кәсіпкерлік суъектілерінде өндірісті, ұйымдастыру және тұрғындарғы қызмет көрсету үшін несие екі жыл мерзімге беріледі.

4.4. Несие мөлшері кепілдік құнынан бір жарым есе кем болмауы, бірақ екі еседен артық болмауы қажет.

4.5. Банк бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен уақытында қайтарылуы үшін жауыпты.