Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района

Ереже · № 8-44 · қабылданған 26.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19808/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района Күшін жойған Ереже ·№ 8-44 ·26.04.2004
09.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 8-44 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Зерендинского района
Атауы (қаз.)
Зерендi ауданының елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-44
Қабылданған күні
26.04.2004
Көрсетілген редакция
09.04.2010 19808_208982.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04BN002514
ЭКБ идентификаторы
19808
Редакция идентификаторы
19808_208982
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:10

0 Зерендi ауданының елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Зерендi аудандық Мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Зерендi ауданының елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау ережесi бекiтiлсiн (қоса берiледi).

2 2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

3 Аудандық Мәслихаттың

2004 жылғы 27 сәуiрдегi
№ 8-44 шешiмiне қосымша
Зерендi ауданы елдi мекендерiнде ауыл шаруашылығы
жануарларын ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРI

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы ережелер Зерендi ауданы аумағында ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленiп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелердi бұзған үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.

2 2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

3 3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы" Кодексiне және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.

4 4. Осы Ережелердiң сақталуын бақылауды ережелердi сақтамаған тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн шешетiн аудандық iшкi iстер бөлiмi мен ветеринарлық қызмет жүзеге асырады.

2 2. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау

5 5. Үй жануарлары аулада көршiлерге кедергi келтiрмейтiн арнайы бөлiнген жайларда ұсталуы тиiс.

6 6. Ауыл шаруашылық жануарлар иелерi оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға мiндеттi.

7 7. Мал тұратын жайлар тоқсан сайын әктелiп, жылына кем дегенде бiр рет залалсыздандырады. Қилар, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар арнайы бөлiнген орындарға уақытында төгiлiп тұрады.

8 8. Малдардың көшелерде, алаңдарда, скверлерде, парктерде және басқа қоғамдық пайдалану орындарында жүруiне тыйым салынады.

3 3. Жануар иелерiнiң мiндеттерi

9 9. Жануарлар иесiнiң мiндеттерi:

1 1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстау, оларға мейiрiмдiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгiну;

2 2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;

3 3) Қоршаған орта қауiпсiздiгiн және тыныштық пен санитарлық ережелердi сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

4 4) Қоғамдық пайдалану орындарын ластауды болдырмау;

5 5) жануарлар өлекселерiн кез-келген жерге тастамау, жануарлар өлекселерi жойылуы тиiс.

10 10. Жануарлар мен құс иелерi жануарлардың нәжiстерiн жүйелi түрде жинастырып, төгулерi немесе жоюлары керек.

11 11. Жануарлардың иелерi паразиттi насекомдар мен кемiрушiлердiң пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға мiндеттi.

12 12. Жануарлардың иелерi белгiленген мерзiмдерде мiндеттi ветеринарлық және жануарлардың жұқпалы ауруларын жою iс-шараларын өткiзуге, жануарларды оқшаулау режимiн сақтауға мiндеттi.

4 4. Жануарлар иелерiнiң ережелердi бұзған үшiн жауапкершiлiктерi

13 13. Осы Ережелердi бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 310 бабына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жауапқа тартылады.

Ветеринария туралы заңнамаларды және ветеринария шеңберiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сонымен қатар жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың эпизоотиямен күресу мәселелерi бойынша қабылдаған шешiмдерiн бұзғандары үшiн азаматтарға бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерлерде айыппұл салынады.
Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
ауру жануарларды жою жөнiндегi мiндеттi ветеринарлық-санитарлық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту;
ауру жануарларды тарату;
жануарларды өсiру кезiнде ветеринарлық-санитарлық ережелердi сақтамау;
Айыппұл салу туралы Қаулыны аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң немесе ветеринарлық қызмет өкiлдерi жазады.

14 14. Жоғарыдағыдай бұзушылықтар кезiнде материалдық залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушi залалдың орнын толтыру үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.

Қолданыстағы