О переименовании некоторых составных частей села Туймекент Туймекентского сельского округа Байзакского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых составных частей села Туймекент Туймекентского сельского округа Байзакского района
- Атауы (қаз.)
- Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 21.06.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2024 198081_708189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24GBO0027B
- ЭКБ идентификаторы
- 198081
- Редакция идентификаторы
- 198081_708189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:56
0 Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түймекент ауылдық округінің әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 1. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Александр Нахманович тұйық көшесін Ғазиз Байтасов тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы тұйық көшесін Ақжүрек тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы 1-тұйық көшесін Достық тұйық көшесіне;
Байзақ батыр тұйық көшесін Ынтымақ тұйық көшесіне;
Дінмұхаммед Қонаев 1- тұйық көшесін Жібек жолы тұйық көшесіне;
Тұрар Кәрімбеков тұйық көшесін Көктем тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы 1-тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.