Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения единого реестра учета фактов наступления медицинского инцидента и страховых случаев

Бұйрық · № 32 · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198169/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения единого реестра учета фактов наступления медицинского инцидента и страховых случаев Қолданыста Бұйрық ·№ 32 ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения единого реестра учета фактов наступления медицинского инцидента и страховых случаев

Қолданыста Бұйрық ·№ 32 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения единого реестра учета фактов наступления медицинского инцидента и страховых случаев
Атауы (қаз.)
Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198169_708436.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034606
ЭКБ идентификаторы
198169
Редакция идентификаторы
198169_708436
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:51

0 Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 270-3-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 32 Бұйрыққа
қосымша
Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. Осы Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 270-3-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыруды айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3

3) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

3

3. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларын бірыңғай тізілімі) ақпараттық есепке алу функциясын орындайды және медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерінің талдау деректерімен қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптарды медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы ағымдағы жағдайы туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.

4 4. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

5 5. Медициналық оқыс оқиға және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі – Ұйым) қалыптастырып, жүргізеді.

2 2-тарау. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

6

6. Ұйым пациентті қолдау және медициналық ұйымдардың ішкі сараптама қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жүргізетін медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау нәтижелері, сондай-ақ бірыңғай сақтандыру Қазақстан Республикасы Медицина жұмыскерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған, өзіне заңды тұлға құрмай компаниялар тобын біріктіруді қамтитын бірыңғай сақтандыру пулының ақпараттық платформасынан алынған мәліметтер негізінде бірыңғай тізілімді қалыптастырады.
Бірыңғай сақтандыру пулының әкімшісі ақпараттық платформаға рұқсат береді.

7 7. Қызмет медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін тоқсан сайын Ұйымға жібереді.

8

8. Қазақстан Республикасы бойынша медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі Медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға және Сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу және қалыптастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша электрондық форматта қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және жүргізіледі.

9 9. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларын бірыңғай тізілімін орналастыру «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіліп, Ұйымның ресми интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

1.1 Медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Медициналық оқыс оқиғаның
басталу фактілерін есепке алудың
бірыңғай тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Оқыс оқи­ға кү­ні, уа­қы­ты
Оқыс оқи­ға­ның са­на­ты (кли­ни­ка­лық/ кор­по­ра­тив­тік)
Оқи­ға­ның сал­да­ры (сал­дар­мен/сал­дар­сыз)
Оқи­ға­ға әке­ле­тін жағ­дай­лар
Бей­і­ні
Өмір ана­мне­зі­нің ерекше­лік­те­рі, ау­ру­ла­ры (триг­гер­дің бо­луы)
Па­ци­ент ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жы­ны­сы, жа­сы, ди­а­гноз)
Көр­се­ті­л­ген кө­мек
Оқыс оқи­ға­ны жою және олар­дың қай­та­ла­нуы­на жол бер­меу бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар
Оқи­ға­ның да­муы­на әсер ете­тін, анық­тал­ған фак­тор­лар нәти­же­сін­де тү­зе­ту ша­ра­лар жос­па­ры­ның бо­луы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

1.2 Сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Сақтандыру жағдайларының
басталу фактілерін
есепке алудың бірыңғай
тізілімін жүргізу және
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Оқи­ға­ның кү­ні, уа­қы­ты және ор­ны
Бей­і­ні
Же­ке тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жы­ны­сы, ди­а­гно­зы)
Сақ­тан­ды­ры­л­ған/ сақ­тан­ды­рыл­ма­ған
Өмір ана­мне­зі­нің ерекше­лік­те­рі, ау­ру­лар
Ден­са­улық­қа зи­ян кел­ті­ру (ятро­ге­ния/өлім)
Сақ­тан­ды­ру жағ­дай­ы­на алып кел­ген жағ­дай­лар
Көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Қа­был­дан­ған ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы