Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы предназначенной для сбора административных данных «Сведения о доле оцифровки бизнес-процессов государственных органов на платформе»

Бұйрық · № 370/НҚ · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198368/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении формы предназначенной для сбора административных данных «Сведения о доле оцифровки бизнес-процессов государственных органов на платформе» Қолданыста Бұйрық ·№ 370/НҚ ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы предназначенной для сбора административных данных «Сведения о доле оцифровки бизнес-процессов государственных органов на платформе»

Қолданыста Бұйрық ·№ 370/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы предназначенной для сбора административных данных «Сведения о доле оцифровки бизнес-процессов государственных органов на платформе»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
370/НҚ
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198368_708452.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034674
ЭКБ идентификаторы
198368
Редакция идентификаторы
198368_708452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:51

0 «Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген Цифрлық түрлендіру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының м.а. Қазақстан Республикасының Статистика туралы 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығының 9 тармақтың 2) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформада цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін;

2

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

1 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 370/НҚ Бұйрыққа
қосымша
«Платформадағы мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру
үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/documents/1?lang=ru.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: БП-01.
Кезеңділік: жылдық.
Есепті кезең: 202_ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы сервистік интегратор.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.
Рет.№
Әзірлеменің аты
Іске асыру мерзімі, (жыл)
Орындалу жағдайы, (%)
Іске асыру барысы туралы ақпарат
1
2
3
4
5
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы____________________________________
Орындаушы _____________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе оның міндетін атқарушы адам __________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны

6 Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Платформадағы мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

«Платформадағы мемлекеттік
органдардың бизнес-процестерін
цифрландыру үлесі туралы
мәліметтер» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
Қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Платформадағы мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1 1. Осы Түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) «Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін платформадағы цифрландыру үлесі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысанды сервистік интегратор толтырады және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынады.

3 3. Көрсеткiш мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы бекiтетiн Цифрлық трансформацияның жол картасында сипатталған мемлекеттiк органдар жағдайлары шеңберiнде бизнес-үдерiстердi реинжинирингке бағытталған шараларды қарауға және жүзеге асыруға мемлекеттiк органды ынталандыруға бағытталған.

4 4. Нысанға құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары не оның міндетін атқарушы тұлға, оның тегін және аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

5 5. Нысан жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдеден кешіктірілмей беріледі.

6 6. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

7 7. Нысан келесідей толтырылады:

1-бағандағы санды ретімен толтырыңыз.
2-бағанда мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
3-бағанда іске асыру мерзімі көрсетіледі.
4-бағанда «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрландыру үлесі көрсетіледі.».
5-бағанда іске асыру барысы туралы ақпарат көрсетіледі.

Қолданыстағы