Об утверждении норм снабжения хозяйственными товарами и другим имуществом органов национальной безопасности Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм снабжения хозяйственными товарами и другим имуществом органов национальной безопасности Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97/қе
- Қабылданған күні
- 01.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2024 198421_710613.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KN000097
- ЭКБ идентификаторы
- 198421
- Редакция идентификаторы
- 198421_710613
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:44
0 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері таныстырылсын.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
____________________
2024 ж. «___» _______
0 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы «1» шілдедегі
№97/қе бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын шаруашылық тауарларымен және басқа да мүлікпен жабдықтау нормалары
Р/с№
Мүліктің атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Қызмет ету мерзімі
Қолдану аймағы
1
Еден жууға арналған құрал
литр
1
1 ай
үй-жайдың
1 тазалаушысына
2
Кір сабын
дана
(200 граммнан кем емес)
1
1 ай
3
Сепкіші бар жиһазды тазалауға арналған құрал
құты
(300 миллилитрден кем емес)
1
3 ай
4
Дезинфекциялауға арналған құрал
банка
(300 таблеткадан кем емес)
1
3 ай
5
Кілем бұйымдарын тазалауға арналған құрал
бөтелке
(500 миллилитрден кем емес)
1
6 ай
6
Шыны және айна беттерін тазалауға арналған құрал
бөтелке
(500 миллилитрден кем емес)
1
3 ай
7
Қоқысқа арналған пакеттер (30 литр)
орам
(30 данадан кем емес)
4
1 ай
8
Қоқысқа арналған пакеттер
(60 литр)
орам
(20 данадан кем емес)
3
1 ай
9
Шүберек
метр
2
1 ай
10
Резеңке қолғап
жұп
2
1 ай
11
Щеткасы бар қоқысқа арналған қалақша
жиынтық
1
1 жыл
12
Саптамасы бар швабра
жиынтық
1
6 ай
13
Швабраға арналған саптама
дана
1
3 ай
14
Шаң тазалауға арналған шүберек
дана
1
1 ай
15
Жұмысшыларға арналған арнайы киім
жиынтық
1
1 жыл
1 техникалық қызмет көрсететуді қамтамасыз ететін жұмысшыға
16
Ауа сергіткіш
құты
(300 миллилитрден кем емес)
1
2 ай
1 санитарлық торап бөлмесіне
17
Унитаз тазалауға арналған құрал
бөтелке
(500 миллилитрден кем емес)
1
1 ай
18
Раковина тазалауға арналған құрал
банка
(450 граммнан кем емес)
1
1 ай
19
Қағаз орамал
орам
10
1 ай
электр орамалмен жабдықталмаған 1 санитарлық торап бөлмесіне
20
Сұйық сабын
миллилитр
200
1 ай
1 раковинаға
21
Дәретхана қағазы
орам
10
1 ай
1 унитазға