Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Өзге акт · № 4 · қабылданған 02.07.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198429/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған 28.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Күшін жойған Өзге акт № 4 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
02.07.2024
Көрсетілген редакция
28.04.2026 198429_817207.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NH00004B
ЭКБ идентификаторы
198429
Редакция идентификаторы
198429_817207
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:43
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Төтенше жағдайлар жіктемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Денисов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су үлгілерін зерттеу туралы Денисов ауданы Приречен ауылдық округі Приреченка ауылының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 2240001012205396, № 2240001012205538 және Денисов ауданы Приречен ауылдық округінің Окраинка ауылы 2024 жылғы 6 наурыздағы № 2240001012205673 хаттамаларының негізінде ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облысы Денисов ауданы Приречен ауылдық округінің Приреченка және Окраинка ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Денисов ауданы әкімінің орынбасары Жанғабұлов Сабир Әмірханұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.

3. «Денисов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкісіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2) Осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.