Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества в районе Сарыагаш Туркестанской области

Ереже · № 19-150-VIII · қабылданған 27.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198447/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества в районе Сарыагаш Туркестанской области Қолданыста Ереже ·№ 19-150-VIII ·27.06.2024
27.06.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества в районе Сарыагаш Туркестанской области

Қолданыста Ереже ·№ 19-150-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества в районе Сарыагаш Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19-150-VIII
Қабылданған күні
27.06.2024
Көрсетілген редакция
27.06.2024 198447_708728.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24UK19150M
ЭКБ идентификаторы
198447
Редакция идентификаторы
198447_708728
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:49

0 Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық

жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Сарыағаш ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы Сарыағаш қаласы және 13 ауылдық округтерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Сарыағаш аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 19-150-VIII шешіміне 1-қосымша
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек
жиындарын өткізудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 ІІ-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімі қала, ауылдық округ шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округте тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

25 Түркістан облысы Сарыағаш ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы Сарыағаш қаласы және 13 ауылдық округтерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Сарыағаш аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 19-150-VIII шешіміне 2-қосымша
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы Сарыағаш қаласы және 13 ауылдық округтерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Сарыағаш
25
Барлығы
25

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Ақжар
8
2.
Бағыс
2
Барлығы
10

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Әлімтау
3
2.
Жайдаққұдық
2
3.
Тасқұдық
2
4.
Көктал
2
Барлығы
9

Елді-мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Көктерек
6
2.
Дархан
4
Барлығы
10

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Сарысу
2
2.
Тасқұдық
2
3.
Құрсай
1
4.
Дарбаза
2
5.
Ердәуіт
2
6.
51 разъезд
1
Барлығы
10

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Дербісек
17
2.
Атамекен
1
Барлығы
18

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Төңкеріс
3
2.
Құрама
3
3.
Ынтымақ
6
4.
Бостандық
4
5.
Достық
5
Барлығы
21

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Жемісті
6
2.
Тың
4
Барлығы
10

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Жібек жолы
9
2.
Жаңа құрылыс
2
3.
Дихан баба
4
4.
Зортөбе
3
5.
Сарқырама
2
6.
Қарабау
2
7.
Жаңа тұрмыс
3
Барлығы
25

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Шеңгелді
1
2.
Жылға
4
3.
Қарақалпақ
1
4.
Шымырбай
1
Барлығы
7

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Қабыланбек
3
2.
Тыңтөбе
3
3.
Тасқұлақ
3
4.
Зах
3
5.
Жонарық
3
6.
Қанағат
3
7.
Ақниет
3
8.
Сіргелі
3
Барлығы
24

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Ақниет
2
2.
Құркелес
2
3.
Еңкес
2
4.
Жаңаарық
2
5.
Жаңаталап
2
6.
Жылысу
2
7.
Нұрлы жол
2
8.
Дастан
2
9.
Келес
2
10.
Береке
2
11.
Құлтума
1
12.
Ақ үй
2
13.
Алғабас
2
Барлығы
25

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Қызылжар
6
2.
Жаскешу
3
Барлығы
9

Елді мекен атауы
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)
1.
Таскескен
4
2.
Мәдениет
3
3.
Тегісшіл
3
Барлығы
10

Қолданыстағы