Құжат мәтініне өту

Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей области Абай

Өзге акт · № 28/153-VIII · қабылданған 28.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198455/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей области Абай Қолданыста Өзге акт ·№ 28/153-VIII ·28.06.2024
28.06.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей области Абай

Қолданыста Өзге акт ·№ 28/153-VIII · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по городу Семей области Абай
Атауы (қаз.)
Абай облысы Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28/153-VIII
Қабылданған күні
28.06.2024
Көрсетілген редакция
28.06.2024 198455_708792.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FA029718
ЭКБ идентификаторы
198455
Редакция идентификаторы
198455_708792
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:46

0 Абай облысы Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын Семей қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлер үшін базалық салықтық мөлшерлемесі автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Семей қаласы айқындалсын.

4

4. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 37/257-VI «Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5931 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 28/153- VIII шешіміне
1 - қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Категории
1
Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар (паркингтерге), ашық үлгідегі автотұрақтар (паркингтерге)
1-санат
2
Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар (паркингтерге), өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар (паркингтерге)
2-санат
3
Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цоколь немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтерге)
3-санат

7 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Абай облысы
Семей қаласы мәслихатының
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 28/153- VIII шешіміне
2 - қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
Алаңның бір шаршы метріне есептегенде автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)
Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы
1
1-санат
8,68
10 есе
2
2-санат
8,68
9 есе
3
3-санат
8,68
8 есе

Қолданыстағы