Құжат мәтініне өту

О правилах социальных выплат гражданам города Экибастуза, награжденным знаком "За заслуги перед городом"

Қаулы · № 177/4 · қабылданған 06.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19846/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О правилах социальных выплат гражданам города Экибастуза, награжденным знаком "За заслуги перед городом" Күшін жойған Қаулы ·№ 177/4 ·06.04.2004
27.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах социальных выплат гражданам города Экибастуза, награжденным знаком "За заслуги перед городом"

Күшін жойған Қаулы ·№ 177/4 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах социальных выплат гражданам города Экибастуза, награжденным знаком "За заслуги перед городом"
Атауы (қаз.)
"Қалаға сіңірген еңбегі үшін" белгісімен наградталған Екібастұз қаласы азаматтарына әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
177/4
Қабылданған күні
06.04.2004
Көрсетілген редакция
27.07.2009 AI19846_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04PC002423
ЭКБ идентификаторы
19846
Редакция идентификаторы
AI19846_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:15

0 "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" белгісімен наградталған Екібастұз қаласы азаматтарына әлеуметтік төлем төлеудің Қағидалары туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес және "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған азаматтардың қаланың дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесiн ескере отырып, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған азаматтарға әлеуметтiк төлем төлеу туралы Қағида (бұдан былай - Қағида, қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.

2 2. "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Қағидаларға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi төлесiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсiн.

4 4. Аталмыш қаулы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуден өткен соң және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн күшiне енедi.

5 "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған Екiбастұз қаласы азаматтарына әлеуметтiк төлем төлеу туралы Қ А Ғ И Д А

Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 7 сәуірдегі "Қалаға
сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен
наградталған Екiбастұз қаласы
азаматтарына әлеуметтiк төлем
төлеудiң Қағидалары туралы"
№ 177/4 қаулысымен
бекiтiлген
"Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн"
белгiсiмен наградталған Екiбастұз қаласы
азаматтарына әлеуметтiк төлем төлеу туралы
Қ А Ғ И Д А

1 1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148 Заңына сәйкес жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтарға әлеуметтiк төлемдер төлеудiң тәртiбiн анықтайды.

2 2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау "Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған тұлғалардың белгiленген үлгiдегi өтiнiштерi бойынша (1-қосымша) "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен орындалады.

Өтiнiшке:

1 1) тұрғылықты жерiнен анықтама;

2 2) наградталғанын растайтын құжат көшiрмесi;

3 3) жеке куәлiгi көшiрмесiмен;

4 4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;

5 5) банк филиалы көрсетiлген жеке есеп шот нөмiрi қоса берiледi.

Әлеуметтiк төлемдер өтiнiш берiлген айдан бастап төленедi.

3 3. Бiр адамға айына төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi қалалық көлiктегi жолақысына, телефон байланысы мен коммуналдық қызметiне өткен жылдың 50 пайызы есебiмен айсайын төленетiн болып анықталады.

4 4. Төлем екiншi деңгейдегi банктерде өтiнiш берушiнiң жеке шоттарына ақшалай қаражат аударылу жолымен төленiп отырады.

5 5. Әлеуметтiк төлемдi қаржыландыру жергiлiктi өкiлеттi атқару органдарымен бекiтiлген жылдық бюджет аясында жүзеге асырылады.

6

6. "Екiбастұз қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз етуге 258-051-000 "Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша қажеттi қаражат туралы қаржы басқармасына ай сайын тапсырыс берiп отырады.

17 Ө Т I Н I Ш

"Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн"
белгiсiмен наградталған Екiбастұз
қаласы азаматтарына әлеуметтiк
төлем төлеудiң Қағидаларына
қосымша
Халықты әлеуметтiк қорғау
басқармасының бастығы
З.Б. Оспановқа
______________ мекен-жайда
тұрақты тұратын
______________________
СТН___________________
Салым__________________
Банк филиалы_________________
Ө Т I Н I Ш
"Қалаға сiңiрген еңбегi үшiн" белгiсiмен наградталған тұлға ретiнде айсайын ақшалай төлем тағайындауыңызды сұраймын. Өтiнiшке қоса:
- тұрғылықты жерден анықтама;
- наградталғанын растайтын құжат көшiрмесi;
- жеке куәлiктi көшiрмесiмен;
- салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
- банк филиалы көрсетiлген жеке есеп шотты жолдап отырмын.
Күнi_______________________ Қолы____________________

Қолданыстағы