Материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Материалдық көмек көрсету туралы от 26.04.2004 г. № 60 (Материалдық көмек көрсету туралы)
1. Материалдық көмек көрсету туралы Ереже бекітілсін (жалғанды).
2. Материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (жалғанды № 1 қосымшада).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау ауданы әкімінің орынбасары З. Сисенғалиға жүктелсін.
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 27 сәуірдегі
N 60 қаулысымен бекітілген
Материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Материалдық көмек аудан аумағында тұрақты тұратын әлеуметтік қорғауға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшалай төлем түрінде көрсетіледі. Материалдық көмек, жерлеуге және емдеуге көрсетіледі.
2. Материалдық көмек төлемі үшін қаражат
2. Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет болып табылады.
3. Материалдық көмек көрсету тағайындау
және төлеу тәртібі
3. Азамат (ша) қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының кірістеріне қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі.
4. Жерлеуді мойнына алған адам аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға өтініш тапсырады.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш (СТК, ӘЖК, жеке куәлігі, салым №);
2) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
3) қайтыс болған адамның тұрғылықты жерінен анықтама (шаруашылық кітабынан үзінді);
4) қайтыс болған адамды жерлеуді өткізгенін растайтын анықтама;
5) жерлеу жәрдемақысын алуға АХАЖ органдары берген туралы анықтама.
6. Емделуге материалдық көмек емделуге материалдық көмекке мұқтаж адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде көрсетіледі.
7. Өтініш аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға беріледі.
8. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш (СТК, ӘЖК, жеке куәлігі, салым №);
2) тұрғылықты жерінен отбасы құрамын растайтын анықтама (шаруашылық кітабынан үзінді);
3) aудандық ауруханадан анықтама (учаскелік дәрігерден).
9. Материалдық көмектің барлық түрлері барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап, 15 күн мерзімде материалдық көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссияда қаралады.
10. Материалдық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, комиссия өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
11. Материалдық көмек төлеу аудандық пошта байланыс торабы арқылы жүзеге асырылады.
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 27 сәуірдегі
№ 60 қаулысына № 1 қосымша
Материалдық көмек көрсету жөніндегі
аудандық комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы:
Сисенғали Закария Жүсіпқалиұлы - аудан әкімінің орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары:
Жаймов Қайырғали Үмітқалиұлы - аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік
қорғау бөлімінің бастығы
Хатшысы:
Ақбасова Мақпал Тұрақбайқызы - аудандық еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
бөлімі бастығының орынбасары
Мүшелері:
Саматов Рухолла Аманғалиұлы - аудандық мәслихат хатшысы (келісімімен)
Басирова Жанат Ғабдолқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Елеуов Болат Қаниярұлы - аудандық аумақтық медицина
бірлестігінің бастығы
Мендәлі Халел Нұрекешұлы - аудандық мүгедектер қоғамының
төрағасы (келісімімен)