Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 244
- Қабылданған күні
- 04.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2024 198563_719950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034710
- ЭКБ идентификаторы
- 198563
- Редакция идентификаторы
- 198563_719950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:41
0 Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 4 шілдедегі
№ 244 Бұйрығымен
бекітілген
Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Тұрғын үй комиссиясы) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің жанынан құрылған, тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2 2. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіруге құқық беретін, оның ішінде жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктердің (болған жағдайда) өкілдерінің кемінде бес адамнан тұратын тақ санынан қалыптастырылады.
3 3. Тұрғын үй комиссияны:
1 1) орталық мемлекеттік органда - аппарат басшысы;
2 2) жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде - бірінші басшысының орынбасары басқарады.
4 4. Тұрғын үй комиссияның хатшысы тұрғын үй комиссияның мүшесі болып табылмайы және дауыс беруге құқығы жоқ.
5 5. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жүргізеді.
6 6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
аппарат басшысы немесе жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (болған жағдайда);
қаржы қызметінің басшысы;
персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
Тұрғын үй комиссиясының хатшысы;
үштен аспайтын қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері (болған жағдайда);
жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері.