Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Заң · № 114-VIII · қабылданған 05.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198599/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях Қолданыста Заң ·№ 114-VIII ·05.07.2024
05.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

Қолданыста Заң ·№ 114-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114-VIII
Қабылданған күні
05.07.2024
Көрсетілген редакция
05.07.2024 198599_710243.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000114
ЭКБ идентификаторы
198599
Редакция идентификаторы
198599_710243
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:40

0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 11) тармақшасындағы «сомасының пайызымен көрсетiледi.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;
13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетiледi.»;

2 2) 233-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе» деген сөздер «әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе» деген сөздер «әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 238-бапта:

бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;»;
екінші абзацтағы «елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) 239-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса» деген сөздер «есепке алуды жүргізуден жалтару» деген сөздермен ауыстырылсын;

5 5) 545-баптың бірінші абзацы «өткізу» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

6 6) 549-баптың бірінші абзацы «беру» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

7 7) 550-баптың бірінші абзацы «пайдалану» деген сөзден кейін «, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;

8 8) 551-бапта:

бірінші бөлікте:
бірінші абзац «өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі» деген сөздерден кейін «, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.»;

9 9) 684-баптың бірінші бөлігі «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

10 10) 720-баптың бірінші бөлігі «551» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

11 11) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы «550,» деген цифрлардан кейін «551 (үшінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы