Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3633
- Қабылданған күні
- 10.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2024 198600_709173.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24E0021917
- ЭКБ идентификаторы
- 198600
- Редакция идентификаторы
- 198600_709173
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:38
0 Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық
іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы
бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Шымкент қаласы
әкімдігінің
2024 жылғы «10» шілдедегі
№ 3633 қаулысына қосымша
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық
іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы
бөлінген орындардың тізбесі
Р/с
Объектілердің тізбесі
1.
Шымкент қалалық Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры (хабарламаға арналған экран)
Қаратау ауданы, N. Nazarbaev даңғылы, 6
2.
Шымкент қалалық орыс драма театры
Әл-Фараби ауданы, Әл-Фараби алаңы, 4/2
3.
Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры
Әл-Фараби ауданы, Қазыбек би көшесі, 21
4.
Шымкент қалалық өзбек драма театры
Қаратау ауданы, Ибрагим ата көшесі, 118/21
5.
Шымкент қалалық опера және балет театры
Тұран ауданы, А. Асқаров көшесі, 43/2
6.
Шымкент-Цирк
Тұран ауданы, Б. Момышұлы көшесі, 20
7.
«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы ғимараты (хабарламаға арналған экран)
Қаратау ауданы, N. Nazarbaev даңғылы, 10/2
8.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы
Тұран ауданы, Мәделі қожа көшесі, 1А