Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам противодействия торговле людьми, проявлению вандализма и порче чужого имущества

Заң · № 112-VIII · қабылданған 05.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198601/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам противодействия торговле людьми, проявлению вандализма и порче чужого имущества Қолданыста Заң ·№ 112-VIII ·05.07.2024
05.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам противодействия торговле людьми, проявлению вандализма и порче чужого имущества

Қолданыста Заң ·№ 112-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях по вопросам противодействия торговле людьми, проявлению вандализма и порче чужого имущества
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
112-VIII
Қабылданған күні
05.07.2024
Көрсетілген редакция
05.07.2024 198601_710347.kaz
Соңғы өзгеріс
05.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000112
ЭКБ идентификаторы
198601
Редакция идентификаторы
198601_710347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:39

0 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 12-тарау мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:

«135-1-бап. Лауазымды адамдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы
1. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсу және жеткізілу фактілері туралы хабарламауы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

2 2) 147-1-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацында:
«жиырма» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бестен он бес» деген сөздер «бестен жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он бестен отыз» деген сөздер «жиырмадан отыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «жиырма» деген сөз «алпыс» деген сөзбен ауыстырылсын;

3 3) 434-бапта:

бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –»;
екінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«4. Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

4 4) 434-2-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

5 5) 449-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

«қайыршылық,» деген сөзден кейін «жезөкшелікпен айналысу,» деген сөздермен толықтырылсын;
«сипатта қызметтер» деген сөздер «сипаттағы өзге де қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

6 6) 450-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы «айналысу» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету» деген сөздермен толықтырылсын;

7 7) мынадай мазмұндағы 730-1-баппен толықтырылсын:

«730-1-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы Кодекстің 135-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;

8 8) 804-баптың бірінші бөлігінің 65) тармақшасындағы «баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы