Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканского государственного учреждения «Республиканский методический центр «Казагромелиоводхоз» Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Қаулы · № 541 · қабылданған 10.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198618/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О реорганизации республиканского государственного учреждения «Республиканский методический центр «Казагромелиоводхоз» Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 541 ·10.07.2024
10.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканского государственного учреждения «Республиканский методический центр «Казагромелиоводхоз» Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 541 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканского государственного учреждения «Республиканский методический центр «Казагромелиоводхоз» Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
541
Қабылданған күні
10.07.2024
Көрсетілген редакция
10.07.2024 198618_711320.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000541
ЭКБ идентификаторы
198618
Редакция идентификаторы
198618_711320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:38

0 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы су қорын пайдалану және қорғау саласындағы ақпараттық-талдамалық жұмысты жүзеге асыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ ирригациялық жүйелерді жақсарту, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2 2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3 3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

5 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-216-жолмен толықтырылсын:
«21-216. «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-3-жолмен толықтырылсын:
«408-3. «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

3 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
қызмет бабында пайдалану үшін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

2-тармақ алып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».
_____________________________

Қолданыстағы