Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)

Заң · № 119-VIII · қабылданған 08.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198636/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Қолданыста Заң ·№ 119-VIII ·08.07.2024
08.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)

Қолданыста Заң ·№ 119-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)
Атауы (қаз.)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119-VIII
Қабылданған күні
08.07.2024
Көрсетілген редакция
08.07.2024 198636_710687.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000119
ЭКБ идентификаторы
198636
Редакция идентификаторы
198636_710687
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:39

0 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы

1 1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) 189-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;

2

2) 381-баптың 17-тармағындағы «квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды», «квитанциялардың немесе өзге де құжаттардың», «квитанциялар немесе өзге де құжаттар» деген сөздер тиісінше «электрондық лотерея билеттерін», «электрондық лотерея билеттерінің», «электрондық лотерея билеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 394-баптың бірінші бөлігінің 48) және 53) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«48) мынадай шарттар сақталған кезде:
өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;
көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы өндірушіден осы баптың бірінші бөлігінің 38) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл болып тағайындалған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі деп танылады.
Өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өзі бекіткен нысан бойынша жүргізеді;»;
53) мынадай шарттар сақталған кезде:
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндіруші үшін – өткізілетін тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың (оның) құрамдастарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағына немесе 451-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар кірсе;
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушінің уәкілетті өкілі үшін – тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары өндірушіден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар үшін – көрсетілген тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары өндірушіден немесе уәкілетті өкілден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;
өндірушінің уәкілетті өкілдері;
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың тізілімін өзі бекіткен нысан бойынша жүргізеді.»;

4 4) 69-тараудың 7-параграфы алып тасталсын.

2

2-бап. Осы Заң, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы