Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сохранения и воспроизводства отечественных пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений

Заң · № 123-VIII · қабылданған 09.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198639/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сохранения и воспроизводства отечественных пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений Қолданыста Заң ·№ 123-VIII ·09.07.2024
09.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сохранения и воспроизводства отечественных пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений

Қолданыста Заң ·№ 123-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сохранения и воспроизводства отечественных пород лошадей верхового и верхово-упряжного направлений
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
123-VIII
Қабылданған күні
09.07.2024
Көрсетілген редакция
09.07.2024 198639_710456.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000123
ЭКБ идентификаторы
198639
Редакция идентификаторы
198639_710456
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:39

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

1 1) 1-бапта:

7) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін» деген сөздер «тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) тармақшадағы «және өнімділік» деген сөздер «, өнімділік және (немесе) өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) 16-4-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 3) тармақшасындағы «жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.» деген сөздер «жұмыс жүргізуіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) Қазақстан Республикасының аумағында өсірілген мініс және мініс-жегін жылқылар тұқымдарының асыл тұқымды мал басын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарды өтеуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.».

2 2. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

2-баптың 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін» деген сөздер «тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы