Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 304 · қабылданған 19.04.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198648/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 304 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
304
Қабылданған күні
19.04.2024
Көрсетілген редакция
01.07.2026 198648_836720.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000304
ЭКБ идентификаторы
198648
Редакция идентификаторы
198648_836720
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 348 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.12.2025 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімге, сән-салтанат заттарына не қымбат бағалы металдардан жасалған, көркемдік құндылығы бар заттарға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен сақтандырушының қаражаты есебінен өтелетін мүлікке қолданылмайды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі жекелеген жағдайларда тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған, қираған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншік құқығында басқа тұрғынжайы жоқ меншік иелері үшін тұруға жарамсыз болып қалған құрылыс жатады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжай үйге ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны мынадай жолмен қалпына келтіру тетіктерінің бірін айқындайды:
1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту;
2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтардың шығыстарын төлеу.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Қаражат бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы орган 5 жұмыс күні ішінде тұрғын үй иесімен жөндеу жұмыстарын мердігер ұйымның жүзеге асыруына немесе жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру үшін қаражат төлеуге келісім жасасады.
Жөндеу жұмыстары өз бетінше жүзеге асырылатын болса, келісімде төлем алған тұрғынжай иесінің төлем күнінен бастап алты ай ішінде қалпына келтіру жұмыстарының орындалғаны туралы фото тіркеп есеп беруі туралы ақпарат қамтылады.
Тиісті есеп ұсынылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган бөлінген қаражатты қайтаруға мәжбүрлеу туралы сот органдарына жүгінуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Азаматтар жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асырған кезде қаражат екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар өзге ұйымдарда ашылған азаматтардың дербес немесе карт-шотына аударылады.».