Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қаулы · № 567 · қабылданған 16.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198782/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 567 ·16.07.2024
16.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 567 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
567
Қабылданған күні
16.07.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 198782_710425.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000567
ЭКБ идентификаторы
198782
Редакция идентификаторы
198782_710425
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:33

0 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ТарУ» КеАҚ) және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «ҚазҰСШИУ» КеАҚ) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. «ТарУ» КеАҚ және «ҚазҰСШИУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-8-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 180-9 және 180-10-жолдармен толықтырылсын:
«180-9. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
180-10. «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 406-8 жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 406-32-2 және 406-32-3-жолдармен толықтырылсын:
«406-32-2. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
406-32-3. «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

3 3. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
реттік нөмірі 38-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 47 және 48-жолдармен толықтырылсын:
«
47
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тараз қаласы
48
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тараз қаласы
».

4

4. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
283-тармақтың 5-бағанында 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
338-тармақтың 5-бағанында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
«30) «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;
385-тармақтың 5-бағанында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

5 5. «Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:
17-1-тармақта:
жиырма бесінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы қырқыншы және қырық бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

6 6. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 33 және 34-жолдармен толықтырылсын:
«33. «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
34. «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».
______________________

Қолданыстағы