Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 330 · қабылданған 16.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198791/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 330 ·16.07.2024
16.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 330 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
330
Қабылданған күні
16.07.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 198791_711896.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24ND00330A
ЭКБ идентификаторы
198791
Редакция идентификаторы
198791_711896
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:33

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Алюминий Казахстана» акционерлік қоғамына елді мекендердің жер санатынан 2027 жылғы 23 мамырға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 557,42 гектар Лисаков қаласының шекараларында жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы