О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 571
- Қабылданған күні
- 17.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2025 198840_764149.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000571
- ЭКБ идентификаторы
- 198840
- Редакция идентификаторы
- 198840_764149
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:31
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі».
2
3 3. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)».
4 4. «Инвестициялар тарту кеңесін (инвестициялық штаб) құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 64-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген Инвестициялар тарту кеңесінің (инвестициялық штабтың) құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)».
5 5. «Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, тең төраға (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, тең төраға (келісу бойынша)».
6 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкімінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша)».
_________________________________