О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях по городу Астане
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 503-2348
- Қабылданған күні
- 16.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2024 198854_711484.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24ABW13880
- ЭКБ идентификаторы
- 198854
- Редакция идентификаторы
- 198854_711484
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:32
0 Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында
жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау
тарифтерінің кейбір мәселелері туралы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына сараланған тариф мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
1 1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;
2 2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 (екі жүз елу) теңге;
3 3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;
4 4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қала маңында автомобильмен тасымалдау – бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;
5 5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
6 6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 (үш жүз елу) теңге;
7 7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
8 8) жолаушыларды қала маңындағы автомобильді тасымалдауда қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 14 (он төрт) теңге;
9 9) жеңілдігі бар картамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 0 (нөл) теңге.
2 2. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүруді пайдаланады.
3 3. Мыналардың:
1
1) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1181 болып тіркелген);
2
2) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 503-1573 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.