Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 38/01 · қабылданған 19.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-198915/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 38/01 ·19.07.2024
19.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 38/01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Жария сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38/01
Қабылданған күні
19.07.2024
Көрсетілген редакция
19.07.2024 198915_712001.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KJ03801A
ЭКБ идентификаторы
198915
Редакция идентификаторы
198915_712001
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:29

0 Жария сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тё Геннадий Игнатьевичке пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 235,7059 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 24 сәуіріне дейін жария сервитут белгіленсін.

2 2. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Тё Геннадий Игнатьевичке жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 38/01 қаулысына қосымша
Тё Геннадий Игнатьевичке жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
Кадастрлық нөмірі
Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
1
Ортадересін ауылдық округінің жерлері
20,4559
2
«Жан» шаруа қожалығы
09-102-025-169
215,2500

Қолданыстағы