Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Ерейментаускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Ерейментаускому району
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8C-23/5-24
- Қабылданған күні
- 15.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2024 198976_711437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24BI879703
- ЭКБ идентификаторы
- 198976
- Редакция идентификаторы
- 198976_711437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:34
0 Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Ерейментау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 8C-23/5-24 шешіміне
1-қосымша
Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1 1. Тұрғын үй құнынан 10 %, бірақ әлеуметтік көмек түрі ретінде 2 000 000 (екі миллион) теңгеден артық емес.
1 Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ерейментау аудандық маслихатының
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 8C-23/5-24 шешіміне
2-қосымша
Ерейментау ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1 1. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
2 2. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
3 3. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбін қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
4 4. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
5 5. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
6 6. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
7
7. «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.