Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аягоз
Қолданыста
Қаулы
·№ 231
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцированного тарифа на маршруты регулярных городских автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аягоз
- Атауы (қаз.)
- Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 12.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2024 199086_712204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24FE00231A
- ЭКБ идентификаторы
- 199086
- Редакция идентификаторы
- 199086_712204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:08
0 Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аягөз қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф белгіленсін.
1 1. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде:
1 1) Ересектерге- 80 (сексен) теңге мөлшерінде;
2 2) Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 40(қырық) теңге мөлшерінде;
2 2. жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
1 1) Ересектерге- 160 (жүз алпыс) теңге мөлшерінде;
2 2) Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға- 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
3 3. Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
4 4. "Абай облысы Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Аягөз қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) ресми түрде жарияланғанынан кейін осы қаулының Аягөз қаласы әкімдігінін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Татеновке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аягөз ауданының мәслихат төрағасы
______________А. Ибрайшин
2024 жылғы "____" _____