О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 26.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2024 199208_713633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034825
- ЭКБ идентификаторы
- 199208
- Редакция идентификаторы
- 199208_713633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:21
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 6 Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларды:
мынандай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау оның орындау мерзімнің өтуін тоқтата тұрмайды.».
2
2. «Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамына:
2-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.»;
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Келісу комиссиясының отырыстары, егер онда Келісу комиссиясы мүшелерінің әрбір мемлекеттік орган өкілдерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.»;
14-тармағының үшіні бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға келісу комиссиясының ескертулері болмаған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы (лауазымды тұлғалары) қол қояды.»;
19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Келісу комиссиясы мына тұлғалардан тұрады:
1) монополияға қарсы органның басшысы, Келісу комиссиясының Төрағасы;
2) монополияға қарсы органның басшысының орынбасары, Келісу комиссиясы төрағасының орынбасары;
3) монополияға қарсы органның заң қызметінің басшысы;
4) монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң Департаментінің басшысы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.»;
3 3. «Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17253 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан тізбесіндегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
сы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 16 шілдедегі
№ 250 бұйрығына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Монополияға қарсы органға.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
www.gov.kz/memleket/entities
Әкімшілік деректер нысанының атауы:
________________ кезеңінде өткізілген сатып алулар туралы ақпарат.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.
Кезеңділігі: сұрау салу бойынша*
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: электронды нысанда өткізілетін сатып алуды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, табиғи монополиялар субъектілері, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпарат алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар.
Әкімшілік деректер нысасын ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде.
____________________________________________________________
* Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.
№
Ұйымдастырушы туралы мәліметтер
Р/с
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды және нақты мекенжайы, телефон/ факс, электрондық мекенжайы
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы
Хабарландырудың нөмірі
Лот-тың нөмірі
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома
Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер
Өткізілген сатып алудың нәтижелері
Әлеуетті өнім берушінің атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды және нақты мекен-жайы, телефон/факс, электрондық мекен-жайы
Өтінім беру күні, уақыты, өтінім берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы
Ұсынылған баға, жеңімпазды көрсете отырып
Өткізілді/өткізілмеді. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, себептер мен қабылданған шараларды көрсету қажет:
1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;
2) сатып алу бір көзден тәсілімен жүзеге асырылды;
3) сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды
Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып)
Шарттың нөмірі және жасалған күні
Жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат (%)
9
10
11
12
13
14
15
16
17
________________________________________ ________________
Мекенжай______________________________
Телефондар_____________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________
Орындаушы_______________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
____________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Мөр орны (бар болса)
Жасалған күн 20__ жылғы «___»______
1.0 Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Өткізілген сатып алу
туралы ақпарат нысанына
қосымша
Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын
толтыру бойынша түсіндірме