Құжат мәтініне өту

Об установлении охранной зоны вдоль внешней границы Государственного лесного природного резервата "Семей орманы"

Қаулы · № 453 · қабылданған 29.04.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19924/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении охранной зоны вдоль внешней границы Государственного лесного природного резервата "Семей орманы" Қолданыста Қаулы ·№ 453 ·29.04.2004
14.04.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении охранной зоны вдоль внешней границы Государственного лесного природного резервата "Семей орманы"

Қолданыста Қаулы ·№ 453 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении охранной зоны вдоль внешней границы Государственного лесного природного резервата "Семей орманы"
Атауы (қаз.)
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының сыртқы шекарасы жанынан қорғалатын аймақты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
29.04.2004
Көрсетілген редакция
14.04.2014 19924_133512.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04V0001804
ЭКБ идентификаторы
19924
Редакция идентификаторы
19924_133512
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:09

0 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының сыртқы шекарасы жанынан қорғалатын аймақты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 75 қаулысының 5-тармағына сәйкес, «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының орманды алқаптарын ерекше күзетуді, қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің сыртқы шекарасы жанынан көлемі 2 км жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, жалпы алаңы 252,0 мың га (екі жүз елу екі мың га) қорғалатын аймақ белгіленсін, соның ішінде:

Бесқарағай ауданы бойынша - 190,0 мың га;
Бородулиха ауданы бойынша - 38,0 мың га;
Семей қаласы бойынша - 24,0 мың га.

2 2. Қорғалатын аймақ аумағында қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес қызметтерге тыйым салынсын.

3 3. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне жергілікті орындарда қорғалатын аймақтың шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Селихановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

6 "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғалатын аймақ аумағында тыйым салынатын қызметтердің тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 30 сәуірдегі N 453
қаулысына қосымша
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғалатын аймақ аумағында тыйым салынатын қызметтердің тізбесі

1 1. Өндірістің және тұтынудың қалдықтарын, сондай-ақ радиобелсенді материалдар мен минералды тыңайтқыштарды қоймалау және көму.

2 2. Су қоймаларын ағынды суларды қашыртқылау үшін пайдалану.

3 3. Қоршаған ортаға физикалық әсер ететін қауіпті химиялық, биологиялық заттарды зиянды пайдалану.

4 4. Барлық пайдалану түрлерінде орман шабуға, шәйір, орманның екінші дәрежелі материалдарын және ағаш шырындарын дайындау.

5 5. Орманды қорғау күштерінің бақылауымен өткізілетіннен басқа, шөп өсімдіктерін жағу.

Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасының бастығы

Қолданыстағы