О некоторых вопросах проведения мирных собраний
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения мирных собраний
- Атауы (қаз.)
- Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/2
- Қабылданған күні
- 26.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2024 199242_713342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24UH656613
- ЭКБ идентификаторы
- 199242
- Редакция идентификаторы
- 199242_713342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:21
0 Бейбіт жиналыстарды өткізудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы « Қазақстан Республикасының Заңының 8 - бабы, 2 -тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2
2. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Ордабасы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4 4. Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану туралы» 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 1 қосымша
Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1 1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының «Қажымұқан» атындағы стадион, Жепаев көшесі 1/1.
2 2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының А.Мұсаев және Жепаев көшелерінің қиылысынан бастап, Жепаев көшесінің бойымен Жепаев және Қазыбек би көшелерінің қиылысына дейінгі аралық.
9 Ордабасы ауданындабейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 2 қосымша
Ордабасы ауданындабейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3.Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4 4. Ордабасы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
Ордабасы ауданы Темірлан ауылының «Қажымұқан» атындағы стадион, Жепаев көшесі 1/1, шекті толу нормасы 150 адам.
5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9 9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ордабасы ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
18 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 17/2 шешіміне 3 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынады: