О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 608
- Қабылданған күні
- 29.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2024 199260_715513.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2400000608
- ЭКБ идентификаторы
- 199260
- Редакция идентификаторы
- 199260_715513
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:21
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 608 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
152-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«152-5. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі – балл) ескеріліп жүргізіледі.»;
152-6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органның бірінші басшысының:
әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері;
жиналған баллдары көрсетілген ұсынымы;».
2 2. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кандидаттың іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде), сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балы көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы;».
3 3. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі – балл) ескеріле отырып жүргізіледі*.
* – Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізілетін арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда.»;
10-тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде), сондай-ақ жиналған балы*;
* – жиналған балды көрсету қажеттілігі туралы талап арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.».
4 4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
____________________________