Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Қаулы · № 584 · қабылданған 03.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-199263/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Қолданыста Қаулы ·№ 584 ·03.07.2024
03.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Қолданыста Қаулы ·№ 584 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
584
Қабылданған күні
03.07.2024
Көрсетілген редакция
03.07.2024 199263_714187.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NB00584A
ЭКБ идентификаторы
199263
Редакция идентификаторы
199263_714187
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:42

0 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу Әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулының қол қойылған күнінен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша филиалы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін жолдауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуді;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

Рудный
қаласы әкідігінің
____ жылғы «__» _______
№ ____ қаулысына
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері

Орналасқан жері
Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын
1
Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, 46 үй
213
2
Рудный қаласы, Восточная көшесі, 20 үй
106
3
Рудный қаласы, Восточная көшесі, 22 үй
110

Қолданыстағы