Об утверждении Правил продления сроков исполнения письменного предписания, примененного к оператору электронной торговой площадки по продаже банковских и микрофинансовых активов либо плана мероприятий по устранению выявленных нарушений и (или) причин, а также условий, способствовавших их совершению, в случае отсутствия возможности устранения нарушения в сроки, установленные в плане мероприятий либо письменном предписании, по причинам, не зависящим от оператора электронной торговой площадки по пр
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил продления сроков исполнения письменного предписания, примененного к оператору электронной торговой площадки по продаже банковских и микрофинансовых активов либо плана мероприятий по устранению выявленных нарушений и (или) причин, а также условий, способствовавших их совершению, в случае отсутствия возможности устранения нарушения в сроки, установленные в плане мероприятий либо письменном предписании, по причинам, не зависящим от оператора электронной торговой площадки по пр
- Атауы (қаз.)
- Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 31.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2024 199402_713955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034862
- ЭКБ идентификаторы
- 199402
- Редакция идентификаторы
- 199402_713955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:17
0
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-21-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары бекітілсін.
2 2. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдері
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 31 шілдедегі № 46
Қаулыға қосымша
Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары
1
1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-21-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына (бұдан әрі – оператор) байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) операторға қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындайды.
2 2. Қағидаларда Мемлекеттік реттеу туралы заңда көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3
3. Бұзушылықтарды іс-шаралар жоспарында не операторға қолданылған жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде операторға байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, оператор жазбаша ұйғарымды және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мерзімінен кешіктірмей уәкілетті органға мерзімді ұзарту қажеттілігі туралы негіздемені қамтитын, жазбаша ұйғарымды және (немесе) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді.