Об утверждении Правил приватизации государственного жилищного фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил приватизации государственного жилищного фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/59
- Қабылданған күні
- 13.04.2004
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2011 19941_199695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04KD001519
- ЭКБ идентификаторы
- 19941
- Редакция идентификаторы
- 19941_199695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:13
0 Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешті:
1 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасы бекітілсін (қосымша).
2
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестріне 159, 1213, 1302 нөмірлерімен енгізілген қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы" N 8/85 шешімінің, 2003 жылғы 23 сәуірдегі "мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 29/281 шешімінің, 2003 жылғы 10 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Қағидасын қайта бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 32/302 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. (Гусев А.И.)
4 Қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 14 сәуірдегі
"Мемлекеттік тұрғын үй
қорын жекешелендіру туралы
Қағидасын бекіту туралы"
N 6/59 шешімімен бекітілген
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы
Қағидасы
1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтарындағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын үй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратылады.
2 2. Мемлекеттік тұрғын үй жайларын өтеусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Балқаш қаласының тұрғынына жататын азаматтар тобы:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
2 2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек адамдарды қоспағанда);
3 3) Иесіздендірілген аумақта Чернобыль атомдық электростанция апаттарын жоюға қатысқандар;
4
4) Дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) қорытындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын, басқада азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі жарылыстардың және радиациялық сәулелердің салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар.
5 5) интернационалистік борышын атқаруға байланысты мүгедек болған интернационалист-жауынгерлер.
3 3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келісімдері бойынша жүргізіледі.
4 4. Жылжымайтын мүлікке құқық тұрғын жайды төлемақысыз жекешелендіру шарт бойынша рәсімделіп, жылжымайтын мүлікті тіркейтін Қарағанды облысы бойынша "Жылжымайтын мүліктік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Балқаштық филиалында тіркеледі.
5 5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
6 6. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 20 тамыздағы N 11/113 шешімімен алынып тасталынған.
📌 Ескерту. 6 тармақ алынып тасталды - Балқаш қалалық мәслихатының 2004.08.20 N 11/113 шешімімен.
7
7. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-I заңымен және Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Ережесін бекіту туралы" N 66 қаулысымен басшылық ету керек.