Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Улытаускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Улытаускому району
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 136
- Қабылданған күні
- 08.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2024 199564_714702.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24HE00136M
- ЭКБ идентификаторы
- 199564
- Редакция идентификаторы
- 199564_714702
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:11
0 Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық
қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Ұлытау аудандық мәслихатының «Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 05 наурыздағы №110 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194120 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ұлытау аудандық мәслихатының
ХХ сессиясының 2024 жылғы
08 тамыздағы №136 шешіміне
1 қосымша
Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ұлытау ауданына қарасты ауылдық округтер және кенттер (Ұлытау, Алғабас, Борсеңгір, Егінді, Жаңкелді, Аманкелді, Шеңбер, Қоскөл, Мибұлақ, Қаракеңгір, Сарысу, Терісаққан ауылдық округтері және Ақтас, Қарсақпай кенттері ) бойынша
Атауы
Өлшем бірлігі
Қосылған құн салықсыз, теңге
Қосылған құн салығымен, теңге
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері
1-нші тұрғыннан айына
137
153
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) 1м3
1 м3
673
754
Жезді кенті бойынша
Атауы
Өлшем бірлігі
Қосылған құн салықсыз, теңге
Қосылған құн салығымен, теңге
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері
1-нші тұрғыннан айына
217
243
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) 1м3
1 м3
1066
1194