Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о подконтрольных субъектах в области гражданской обороны», запрашиваемые из территориальных органов Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о подконтрольных субъектах в области гражданской обороны», запрашиваемые из территориальных органов Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 09.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2024 199674_722314.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034925
- ЭКБ идентификаторы
- 199674
- Редакция идентификаторы
- 199674_722314
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:09
0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсына орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
0 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 9 тамыздағы
№ 314 Бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер.
Индекс: 1-(АҚ).
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ұсынады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері
Әкімшілік деректер нысанының ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 20-30 қазан (қоса алғанда).
______________________________ облысы (қаласы)
р/с №
ЖСН / БСН
Субъектінің атауы
Объектінің атауы
Заңды мекен-жайы
Нақты мекен-жайы
Тәуекел дәрежесі
Кәсіпкерлік санаты
Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні
Объективті критерий
Санат
Санатқа жатқызу себебі
Есептерді ұсыну
А
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
2
3
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ___________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
1 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
«Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
аумақтық органдарынан сұратылатын
азаматтық қорғаныс саласындағы
бақылаудағы субъектілер туралы
мәліметтер» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы түсініктеме (бұдан әрі - Түсініктеме) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2 2. Нысанды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Департамент) толтырады және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсынады.
3 3. Нысанға Департамент басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
4 4. Нысан есепті кезеңнің 20-30 қазан аралығында ұсынылады.
5 5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2 2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6
6. «ЖСН/БСН» 1-бағанында заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр немесе жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр толтырылады.