Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об упорядочении перевозок пассажиров и грузов в области

Өзге акт · № 1-473ө · қабылданған 08.10.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1997/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об упорядочении перевозок пассажиров и грузов в области Күшін жойған 08.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об упорядочении перевозок пассажиров и грузов в области

Күшін жойған Өзге акт № 1-473ө 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упорядочении перевозок пассажиров и грузов в области
Атауы (қаз.)
Облыста жолаушылар мен жүктер тасымалын реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-473ө
Қабылданған күні
08.10.1998
Көрсетілген редакция
08.10.1998 1997_254672.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000102
ЭКБ идентификаторы
1997
Редакция идентификаторы
1997_254672
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:31
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыста жолаушылар мен жүктер тасымалын реттеу туралы

📌 Ескерту.
Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы"
1994 жылғы 21 қыркүйектегi, "Қазақстан Республикасының жергiлiктi
өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10
желтоқсандағы заңдарын және Қазақ ССР-iнiң "Тұтынушылар құқығын қорғау
туралы" 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 және 1998 жылғы 23 наурыздағы
N 251 қаулыларын басшылыққа алып, көлiк процесiн ұйымдастыруды, жолаушылар
мен жүктердi тасымалдауға патенттер берудi реттеу, көлiктегi тасымал
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ тасымалдаушылар құқығын қорғау
үшiн:

1. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi меншiктiң барлық нысанды

тасымалдаушыларының жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсету жөнiндегi
тендерлер өткiзу негiзiнде 1998 жылғы 14 мамырда бекiтiлген жолаушылар
маршруттары тiзбесiне сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды қамтамасыз
етсiн.

2. Шығыс Қазақстан салық комитетi (Аханаев О.Қ.) заңды және жеке

тұлғалардың жолаушылар тасымалын жүзеге асыруы үшiн патенттер берудi
тендерлiк негiзде алған куәлiктер негiздемесiнде жүргiзсiн.

3. Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды жетiлдiру,

кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық
энергетика, индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық
байланыстар басқармасы (Плотников С.В.) жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн
жұмысшы тобы (N 1 қосымша) құрылсын және екi апта iшiнде iс-қимыл жоспары
жасалсын.

4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары

Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.

5 Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау жөнiндегi тұрақты iстейтiн жұмысшы тобының

Шығыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң 1998 жылғы
9 қазандағы N 1-473
өкiмiне
N 1 қосымша
Жолаушылар көлiгi саласындағы нарықтық қатынастарды
жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау
жөнiндегi тұрақты iстейтiн жұмысшы тобының
ҚҰРАМЫ

1. Плотников С.В. - Шығыс Қазақстан облысының энергетика,

индустрия, көлiк, телекоммуникациялар және
сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының
бастығы, топ жетекшiсi

2. Пчельников В.Н. - Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк

жолаушылар тасымалдау басқармасының бастығы, топ
жетекшiсiнiң орынбасары

3. Феофанова А.С. - Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи

монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау
жөнiндегi комитеттiң төрағасы

4. Аханаев О.Қ. - Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетiнiң бастығы

5. Жұмәдiлов Е.С. - Шығыс Қазақстан облыстық жол полициясы

басқармасының бастығы

6. Қалиев С.Н. - Көлiк инспекциясы Шығыс Қазақстан облыстық

бөлiмшесiнiң бастығы

7. Кузнецова Л.М. - Қалалық тұтынушылар құқын қорғау қоғамының төрайымы

Облыс әкiмi аппаратының
басшысы
Т.Ибраев