Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 09.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2024 199710_715702.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24UC00300A
- ЭКБ идентификаторы
- 199710
- Редакция идентификаторы
- 199710_715702
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:09
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, Тәуелсіздік көшесі бойынан «ГРК Металлинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан «Барит кен байыту фабрикасына» баратын төменде көрсетілген жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
1 1) «Кәріз жүйесін жүргізу үшін» алаңы 0,7300 га (7300 шаршы метр) жер учаскесі;
2 2) «Электр желілерін жүргізу үшін» алаңы 147,6 га (1476000,0 шаршы метр) жер учаскесі.
2 2. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;