Құжат мәтініне өту

О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг

Ереже · № 3-6-3 · қабылданған 19.04.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-19973/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг Күшін жойған Ереже ·№ 3-6-3 ·19.04.2004
25.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг

Күшін жойған Ереже ·№ 3-6-3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-6-3
Қабылданған күні
19.04.2004
Көрсетілген редакция
25.07.2012 19973_119749.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04SC001272
ЭКБ идентификаторы
19973
Редакция идентификаторы
19973_119749
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:11

0 Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабының 2-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері бекітілсін.

2 2. Осы шешім әділет департаментінде тіркеуден өткеннен кейін және аудандық "Айыртауские зори" және "Айыртау таңы" газеттерінде жарияланған соң күшіне енеді.

3 Айыртау аудандық мәслихатының

2004 жылғы 20 сәуірдегі
"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын
үйді ұстауға және коммуналдық
қызметтерді төлеуге тұрғын
үй көмегін ұсыну Ережелері туралы"
№ 3-6-3 шешімімен БЕКІТІЛГЕН
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 1. Тұрғын үй көмегі - тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығындарды орнына толтыру үшін ұсынылатын жәрдемақы.

2

2. Тұрғын үй көмегі жәрдемақы тағайындалған кезде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иесі (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға, егер де тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысының шығыны жанұя бюджетінде жәрдемақылық шаралармен қамтамасыздандырылатын тұрғын үй алаңы нормасының және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шектеріндегі бұл мақсатқа жұмсалатын шығынның шекті мөлшерінен асып кетсе беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылыту, электр қуаты, газ, қоқысты шығару, лифтіні пайдалану) ақысын төлеуге жұмсалатын шығынның шекті мөлшері жанұяның жиынтық табысының 10 % көлемінде белгіленеді.

3 3. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы жалпы негіздерде жүргізіледі.

4 4. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

5

5. Егер жанұяда оқымайтын, әскери қызмет істеп жүрмеген, жұмыс істемейтін, жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлға болса, кемтарларды күтушілерден, өзін біреу күтуге мұқтаж деп танылғандардан, 1,5 жасқа дейінгі бала (біреу және одан да көп) тәрбиесімен шұғылданушылардан басқа, тұрғын үй көмегін ала алмайды.

6

6. Бар қажетпен жабдықталған секторда тұратын тұлғаларға тұрғын үй көмегі ақшалай түрде беріледі және тұрғын үй көмегін алушылардың арыздары бойынша олардың Халықтық банктің Айыртау филиалында немесе пошта байланысының аудандық торабында ашылған жеке шоттарына аударылады. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйге жеке коммуналдық қызметтерге есептелген нақты бағадан аса алмайды.

7 7. Тұрғын үй көмегі ағымдық тоқсанға тағайындалады. Көмек тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 -не дейін қабылданады, табыстар өткен тоқсаннан есептелінеді. Тұрғын үй жәрдемақысын алушыларды қайта тіркеу ресімдеудің бастапқы процедурасына ұқсас.

8 8. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын үйінің меншік түрінің, жанұя құрамының және оның жинақтық табысының кез-келген өзгерісі туралы, сондай-ақ жәрдемақыны дұрыс есептемеу жағдайы туралы 10 күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлау керек.

9 9.Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші Айыртау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттармен өтінеді:

1 1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжат;

3 3) Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейлі банктер мен ұйымдарда ашылған жеке есеп шоты, (көшірмесі);

4 4) салықтық тіркеу нөмірі (көшірмесі);

5 5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі (бұрынғы жұмыс орны туралы мәлімет), еңбек шартының көшірмесі, өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің табыстары жайлы анықтама, оқу орнынан анықтама және басқалар);

6 6) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;

7 7) дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

8 8) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тіркеуін, мекен жайын растайтын құжат;

9

9) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт, сату-сатып алу шарты, сыйға беру шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, жалдау (жалға алу) шарты, пәтердің меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі, тіркеулік куәлігі, пәтердің техникалық төлқұжаты және басқалар);

10 10) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжат (неке туралы немесе некені бұзу туралы, өлгені туралы куәлік, N 4 нысандағы азаматтық жағдайы жазбасынан анықтама, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда);

11 11) тұрғын үйді ұстау бойынша, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация қызметтерінің түбіртектері немесе шарты, архитектура бөлімінен орталықтандырылған жылудың жоқтығы мен пешпен жылынатын үйге берілген анықтама;

12 12) тіркелген жылжымайтын мүліктерге құқының жоқтығы жайлы (арнайы комиссия шешімі бойынша, қажеттілігі жағдайында) анықтама;

Құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Құжатты қабылдаған тұлға, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.

10 10. Ақпараттың дұрыстығына күдік туған жағдайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тұлғаның табысы туралы ақпарат сұрауға құқылы.

Тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген пәтер иесінің (жалдаушының, жалға алушының) отбасындағы барлық іс-әрекетке қабілетті мөлшері, өздерінің табыстары туралы жеке және заңды тұлғалардан айқындаушы ақпарат алуға келісімдерін растайтын рұқсатқа қолдарын қоюлары тиіс.

11 11. Көмектің мөлшері өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін нормалар шектеріндегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну үшін меншік иесінің нақты төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсалатын шығындарының ең жоғарғы шектеулі деңгейінің арасындағы айырмашылығы ретінде есептеледі.

12

12. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеміне отбасының мүмкін шығындарының ең жоғарғы шектеулі үлесі, отбасының табысы, коммуналдық қызметке тарифтер мен нақты шығындар өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған көмек қайта есептеледі. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

13 13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін алдындағы үш айдың нақты шығындарын төлемегені үшін және біле тұра жалған құжаттарды берген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындауды тоқтата тұруға және алып тастауға құқылы.

14

14. Меншік иесі немесе пәтердің меншік иелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегі меншік иесі қайтыс болған күннен бастап, ай бойы, мұрагерлік құқығы енгізілгенше, пәтерде тұратын олардың жанұяларының мүшелеріне тұрғын үй алаңының нормалары және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде тағайындалады.

Қолданыстағы