Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельные участки
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1365
- Қабылданған күні
- 09.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.08.2024 199742_716222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24NA01365A
- ЭКБ идентификаторы
- 199742
- Редакция идентификаторы
- 199742_716222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:10
0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 321, № 322 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Строй Элит Дом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне елді мекендердің жері санатынан Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
«Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша қосарлас салынған коммерциялық, бос уақыт өткізу және сауықтыру үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй кешенін салу» объектісіне су құбырының сыртқы желілерін жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0180 гектар;
«Қостанай қаласы, Гашек көшесі мекенжайы бойынша қосарлас салынған коммерциялық, бос уақыт өткізу және сауықтыру үй-жайлары бар көп қабатты тұрғын үй кешенін салу» объектісіне канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0120 гектар.